Біз қыздарымыздың тағдырына алаңдаудамыз ба? Қызға қырық үйден тый, қала берді қара құлдан тый деп атам қазақ бекер айтты ма? Қыз тағдыры ел тағдыры. Қыздарымызға неге немқұрайды қараймыз. Ертең ұлттың тағдыры қолдарында тұр емес па? Кеше үлбіреген қазақтың қызы көпшіліктің алдында құшағын жайып, ұлты басқа бір жігітке текпешектен мені көтеріп түсір деп тұр. Әлгі жігіт қапсыра құшақтап түсірді. Шыдамастан: "Әй қызым мұның не тал түсте, ұят емеспа?"-деп, өзімше ұялтпақ болдым. "Какая тебе разница,сама знаю" деп бірталай сөз айтты. Анда ол қыздың орнында мен ұялдым. Сонда кім көрінгеннің қолтығында кететіндей, біздің қыздардан ұят, жігіттерімізден ар кеткен бе? Екіншісі аялдамада бір жігіт қолында сырасы бір қызды күтіп тұрмын дейді. Қызды сырамен күтіп алу о тоба жетісіпсіңдер десем. "Аға кеше отырыста болған едік соған сыра ала сал деген соң алдым" деп қарап тұр.
Күнделікті болып жатқан оқиғаларға көзіміз үйреніп кетті ме? Сыра мен жайылған құшақ келешегімізге шабылып жатқан балта екенін ұмытпауымыз керек. Қазақи болмысымызды ұмытып қайда барамыз.
Әрқайсымыз отбасы ошақ қасында тергеп отырмасақ кеш қалып қоямыз ағайын.
Раушан Торбаев, Facebook парақшасынан