Танымал продюсер Ерік Тастамбеков Мақпал Исабекованы өзінің шығармашылық өміріндегі ең маңызды жоба дей келе, әншінің әлі хит әндер таба алмай жүргенін айтты.
«Мен үнемі жігіттерге продюсер болатынмын. Кейін 20 жастағы қыз баланы қарамағыма алуға бел будым. Мен оған барлық күшімді салдым. «Ол толық қыз ғой. Оны неге алдың?» дегендер болды. Алайда, мен оның таланты мен даусына және харизмасына қарадым. Өйткені арықтау қатты қиын емес қой», – дейді продюсер.
Тастамбеков бүгінгі күні Мақпалдың әлі өзін іздеп жүргенін айтады.
«Ол біресе шашын сарыға бояп алса, енді бірде шашын қысқа қылып қиып тастайды. Егер әлі күнге дейін менің продюсерлігімде болса, мен мұндайларға жол бермес едім. Оның менен кетуінің себебі де осы болды. Менің үнемі қадағалап, бақылап жүретініме көне алмады», – дейді Тастембеков.
Еріктің айтуынша, Мақпалдың шығармашылығы бірқалыпты келеді, алайда, әлі де хит әндер таба алар емес.