Димаш Құдайбергеновтің "ARNAU" атты концертінің уақыты белгілі болды!

/uploads/thumbnail/20190220094135951_small.jpg

Ұлт мақтанышына аналып, әлемді мойындатқан жезтаңдай әнші Димаш Құдайбергеновтің кезекті концертінің уақыты белгілі болды. Концерт 29-маусым күні Астана қаласы, Астана арена залында өтеді.

Дайындық жұмыстары қызу басталып кеткен. Ал, билеттер жақын арада сатылымға шығады. Өзінің отандастары ғана емес, әлем жұртшылығы сүйіп тыңдайтын алтын дауыс иесінің концертінің бағдарламасы әзірге құпия. Десе де, талайды сүйсіндірген Димаштың концертін халық асыға күтуде.

 

Қатысты Мақалалар