Тойлап болсаңыздар "Ұлы Отан соғысы" дегенді ұмытайықшы... КСРО - менің "ұлы отаным" емес. Осы арқылы да өзіміздің кешегі Империяға тәуелділігімізді, кіріптарлығымызды мойындағандай боламыз. Сұрапыл соғысты "ұлы" деп атаудың өзі күнә. Соғыстың ұлысы мен ұлығы болмайды. Кім бастаса да, кім қандай ерлік жасаса да соғыс - адамзат пен адамгершілік алдындағы қылмыс. Соғысты ұлықтау - соғысты жалғастыра бергенмен парапар қылмыс. Жаңа қазақ қоғамы үшін ол соғыс 1939 жылдың 1 қыркүйек күні басталып, 1945 жылдың 3 қыркүйек күні аяқталған Екінші дүниежүзіік соғыс. Қалғанының барлығы салдақы саяси ойындар. Менің жалғыз ғана Ұлы Отаным бар. Ол - Тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Тарихтағы ұлы отандарым Түркі қағанаты, Алтын орда, Қазақ хандығы. Басқа Отаным жоқ, болмайды да. (Айдос Сарымның фейсбуктегі парақшасынан)