Елизавета II өзінің тақ мұрагерін таңдады

/uploads/thumbnail/20190226130240299_small.jpg

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өзінің тақ мұрагері кім болатынын шешті. Берілген ақпараттарға сүйенсек, патшайым мұрагерлікке ұлы Чарльзды емес, немересі Уильямды таңдаған.

Уильям

92 жасқа келген патшайым ұлы Чарльзге неліктен мұрагерлікті табыстамағаны туралы алыпқашпа әңгімелер көп. Десе де, бұл патшайымның – өз таңдауы.

Шетелдік басылымдардың жазбасына сенсек, Чарльздің  Уэйн Доменти есімді досы 15 жастағы қызды зорлағаны және басқа да қылмыстары үшін жауапқа тартылған. Және 52 жастағы австралиялық жігіт Чарльздің Камилла Паркер Боуздан туған ұлымын деп хабарлап жүр екен.

Патшайымның Чарльзді тақ мұрагері ретінде таңдамауы 70 жасқа келген ұлына оңай тимеген. Кейбір ақпараттардың жеткізуінше, ресми тақты табыстау рәсімі 2020 жылы өтетін көрінеді.

Әзірге мұрагерлікке басты үміткер болып тұрған Уильям 2011 жылы отбасын құрған. Ғасырдың ең үздік тойы атанған бұл кештің құрметті қонақтар тізімінде шектеу болмаған.

принцесса

Бірнеше жыл достасып барып үйленген бұл жұпты қосып та, ажырастырып та үлгергендер болды. Британиялық басылымдардың пайымдауынша, Уильям керемет тақ мұрагері болса, жұбайы Кейт Миддлтон ең әдемі патшайым болмақ.

                                                                                                  Ұсынған: Әсем Мерекеқызы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар