Ат басындай алтын берсең де, кіруге рұқсат бермейтін жер бетіндегі 10 жер туралы естіп пе едіңіз? Естімедіңіз де, оқымадыңыз да ма? Ендеше, Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына дәл сондай 10 жерді ұсынады.
Бұл жерлерге тіпті жер шарындағы ең бай адамдардың өзіне кіруге тыйым салынған. Бункерлер, құпия аймақтар, аралдар, жерасты зертханалары... Осының бәрі де адам баласының қызығушылығын оятары анық. Аталмыш көрікті жерлердің бәрінің де өзіне тән құпияға толы тарихы бар.
1.Жылан аралы
Атлант мұхитындағы Кеймада-Гранди аралында, Бразилия жағалауына жақын орналасқан арал. Бұл - жер шарындағы ең улы жыланның бірі – аралды ботропс тіршілік ететін бірден бір мекен. Олардың популяциясын сақтап қалу үшін аралды мәңгілікке жауып тастаған.
Алайда, билік басындағылар аралға кіруге тыйым салу арқылы тек жоғалып кету қаупі төнген жыланның бұл түрін сақтап қалуды ғана ойлаған жоқ, сонымен қатар, адамдардың да қауіпсіздігіне алаңдады. Себебі, бұл аралда әр жер қауіп-қатерге толы. Бір шаршы аумаққа кем дегенде бір жыланнан жетеді.
2. Бүкіләлемдік тұқым сақтайтын қойма
Үлен қойма Норвегияда орналасқан. Оның тереңдігі 140 метр. Күзет қызметі тіпті таң қалдырарлық. Олай болуы бекер емес. Себебі, қойма ішінде әртүрлі мәдениеттің жүз мың миллион тұқымы сақталған. "Қойма ғаламдық апат бола қалған жағдайда" деп, алдын ала сақтық шарасы ретінде салынған. Бұл қоймада жер шарындағы әрбір елдің өз бөлігі бар.
3.Цинь Ши Хуан-ди қабірі
1974 жылы табылған император Цинь Щи Хуан-дидің қабірі сол күйде ашылмады. Оның ашылуына қарсылық білдірген белсенділер көп болды. Олардың пайымдауынша, қазба жұмыстары кезінде ғылым мен тарих үшін баға жетпес құнды жәдігерлерге зиян тиіп немесе мүлдем құртып алуы мүмкін.
4.Сюртсей аралы
Бұл жер Исландия маңына орналасқан. Ол бірнеше жерасты жанартауларының бір мезетте бірге атқылауы нәтижесінде пайда болған. 1963 жылдан бері бар. Аумағы 3 шаршы шақырымдай. Оның аяқастынан пайда болуы жер шарындағы талай ғалымның қызығушылығын оятты. Сюртсей аралы жер шарында тіршіліктің қайда пайда болғанының айнымас үлгісіндей. Бұл үрдіске кедергі жасамас үшін ол жерге бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған.
5. №51 аумақ
2013 жылға дейін АҚШ билігі әлдебір №51 аумақ бар деген қандай да бір қауесет пен кез келген дәлелді барынша жасыруға тырысты. Ондай ешбір жер жоқ деп кесіп айтып жүрді.
Бүгінде ол жер жер шарындағы ең жабық және құпияға толы әскери база. Ол Лас-Вегастан 135 шаршы шақырым жерде орналасқан. Аталмыш аумақ кез келген жаңа қаруды сынауға және әскери сынақтар өткізуге таптырмас орын болып табылады. Расталмаған ақпараттар көзіне сүйенсек, аумақ бөгдеғаламшарлықтардың ғарыш кемесінің апатқа ұшыраған жерінде пайда болған. Сол себепті, ол жерді бүкіл әлем назарынан барынша жасыруға тырысқан.
6. Солтүстік Сентинель аралы
Үнді мұхитының жағалауында орналасқан. Сол жерді мекен ететін аборигендер үшін ол өзгелерге жабық арал. Оларға өркениет әлі күнге дейін жетпеген. Сол себепті, үнді билігі тайпа өміріне араласпауға шешім қабылдады. Аралды толықтай шарпыған алапат цунами болған кезде арал тұрғындарына көмек көрсету үшін аралға арнайы ұшақтар жіберілді. Алайда аборигендер оларға тас лақтырып, садақпен атқан. Бұл әрекеттерімен олар өз өмірлеріне араласпау керектігін ашық айтқандай болды. Содан бастап үнді билігі ол аралды тыйым салынған деп жариялап, қайта аяқ басқан емес.
7.Ласко үңгірі
Бүл үңгір – Франция аумағында орналасқан табиғи құбылыс. Үңгірдің қабырғаларында 17 мыңжылдық таңғажайып әрі қайталанбас ерекше суреттер бар. Ұзақ уақыт бойы Ласко үңгірі саяхаттаушыларға таптырмас керемет жер болды. Бірақ уақыт өте келе суреттер өздігінен жоғала бастады. Оның себебі, адамның тынысынан бөлінетін көмірқышқыл газ екені анықталды да, үңгірге бөгде жандарға кіруге тыйым салды.
8.Морган аралы
Оңтүстік Каролина жағалауында қауіпті бір жер бар. Ол - Морган аралы. Ол жерде маймылдың кемінде 5 мыңы тіршілік етеді. Олар мұнда Пуэрто-Рико адамдарының арқасында әкелінген. Бастапқыда ұшық ауруымен бірнешеуі ғана ауырса, бүгінде бұл барлық маймылға жұққан. Адамдардың аралға кіруіне қатаң тыйым салынған. Себебі, адам да аталмыш ауруды жұқтырып алуы ықтимал.
9.Ватиканның құпия мұрағаты
Рим Папасының жеке кітапханасында кітап өте көп. Ол Ватикан қабырғаларында орналасқан жеке мұрағатында сақталған. Бір сөресінің өзінің ұзындығы – 90 шаршы шақырымды құрайды. Өкінішке қарай, растай алмай отырған ақпаратқа сенсек, кітаптар мен материалдардың тең жартысы күллі әлемнен жиналған оккульттық (соқыр сенім) әдебиеттен құралған.
10.Ниихау аралы
Сонау 1864 жылдан бастап арал бөтен ешкімді кіргізбейтін Робинсондар отбасының иелігіне өтіп кеткен. Мұнда ғаламтор да, байланыс құралдары да, жол да, көлік те, дүкен де жоқ. Қуат көзін күн сәулесінен алады. Аралдан кеткен туыстары аралға тек шақырту арқылы ғана қайта кіре алады.
Дереккөз: prikolno.cc
Аударған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру