Мөлдір Әуелбекова сүйіктісінің суретін жариялады

/uploads/thumbnail/20170708180201004_small.jpg
Әнші Мөлдір Әуелбекова «Кеш YOU»-ден кеткелі жеке шығармашылығын шыңдап, оған қоса продюсерлікпен айналысып жүрген-ді. Мансап баспалдағымен биікке ұмтылған ару, бұған дейін тұрмыс құру мен жүрегін жаулаған жан туралы көп айта бермейтін. Бүгін ол көпшілікке жұмбақ жайттың бетін ашты. «Өміріңдегі үлкен сәттілік – теңіңді тауып, оның жүзіне тамсана қарау, қызыға тыңдау, шын ниетпен күлу және әр кездесуді тағатсыздана күту… Туылған күніңмен!» деген жазбамен инстаграмға сүйіктісінің фотосын жүктеді. Бұл жағдайға әншінің жанкүйерлері аң-таң болып, түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Бірі бақыт тілесе, ендібірі «сізге қарағанда жасы үлкендеу көрінеді»,- дейді. Өмірде жетістікке жеткен жақсы, ал қалағаныңа сүйіктіңмен бірлесе қол жеткізген тіпті керемет. Карьераның артында кәрілік бар, суретті жариялағанына қарағанда, тойдың да ауылы алыс емес сияқты. Ал, біздің ұжым Әуелбекова ханымға бақыт тілеп, сүйіктісін туған күнімен құттықтайды.
baistars.kz

Қатысты Мақалалар