Қыздар жайлы қызықты мақал-мәтелдер

/uploads/thumbnail/20190304095728303_small.jpg

Күндес көргеннің қызын алма.

***

Байға келін болғанша, Кедейге қыз бол.

***

Бақ деген көшпелі. Қыз алған күйеуге де кетеді,

Қыздан туған жиенге де кетеді.

***

Қырсыққан қыз бай таппас, 

Қырсыз жігіт мал таппас.

***

Келіндікіне барсаң,  тигенін жейсің,

Қызыңдыкіне барсаң, сүйгеніңді жейсің.

***

Баланың ұяты - әкеге,

Қыздың ұяты – шешеге.

***

Ата даңқымен қыз өтер,

Мата даңқымен бөз өтер.

***

Атасы тұрып – ұлы сөйлегеннен без,

Атасы тұрып – қызы сөйлегеннен без.

***

Әкеден безген ұл оңбас,

Анадан безген қыз оңбас.

***

Құс ұшып кетеді,

Мұз еріп кетеді,

Қыз қартаяды.

***

Қатыны жоқ Ханның қызына қырындайды.

***

Ұлың үйленсе – ырысың,

Қызың орнын тапса - өрісің.

***

Жақсы келін қызыңдай,

Жақсы күйеу ұлыңдай.

***

Төркін десе – қыз төзбейді,

Тұз десе – түйе төзбейді.

***

Аяғын көріп, асын іш,

Анасын көріп, қызын ал.

***

Кәрі қыздың ұяты босағадан аттағанша.

***

Мыржық жігітке ыржық қыз Өз Ләйлісі болады.

***

Қалыңсыз қыз болса да,

Кәдесіз күйеу болмас.

 

Ұсынған: Мақпал Сембай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар