Марқұм Нағашыбай Есмырзаның соңғы жазбасы: Мына дүние қатыгездікке тұнып тұр

/uploads/thumbnail/20190305125957482_small.jpg

Бүгін қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза қайтыс болды. Ол осыдан 3 сағат бұрын фейсбук парақшасына жазба қалдырыпты. Аталмыш жазбаны Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Бауырым, саған бәрімізге де мәлім нәрсені айтқым келіп тұр. Бізді қоршаған әлем соншалықты әдемі де мамыражай емес. Мына дүние қауіп-қатерлер мен қатыгездікке тұнып тұр. Сәл босаңсысаң болды, сені шалып құлатып, қайта тұрмастай етіп таптап кете салады. Мен де, сен де, өзгелер де өмір сияқты қатты соққы жасай алмайды. Бұл жерде сенің қандай соққы жасағаның маңызды емес, маңыздысы - сенің соққыға қалай төтеп бере алғаның, алдыға қарай қалай ұмтылатының маңызды.

Нағашыбай Есмырза сот залында қайтыс болды

Қарыштап қадам жасап бара жатырсың ба, ештеңеден де қорықпай кете бер. Сонда ғана барып жеңіске жетесің. Өзіңе сенімді болсаң, бар да, өзіңе керегін ал, бірақ соққыларға төтеп беруге дайын бол. Мен ананың кесірінен, мынаның кесірінен, біреудің кесірінен арманыма қол жеткізе алмай қалдым деп жылап жүрмесең болды. Тек қорқақтар ғана осылай деп айтады. Ал сен қорқақ емессің. Қорқақ болуың мүмкін емес. Өзіңе деген сенімділікті жоғалтып алсаң ғана, тірі өлік болып қалғаның.

Сондықтан да басыңды бекер салбыратпай, еңсеңді көтеріп, армандарыңа алшаңдай басып кете бер, бауырым...

Нағашыбай Ұлтшыл-социалист парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қатысты Мақалалар