Жол апатынан қаза тапқан жүргізушінің артында 4 баласы қалды

/uploads/thumbnail/20190326160352601_small.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында ірі жол апатынан екі адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі  жүргізуші Абай Амангелдіұлының артында 4 баласы қалды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол апатынан қаза тапқан  Айзат Нүркенова – Қарағанды облысының тұрғыны. Жалғазбасты ана екен. Оның артында кәмелет жасқа толмаған баласы қалды.  Ал жүргізуші  Абай Амангелдіұлы Оспановтың артында 4 баласы қалды. 

 «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, жүргізуші таңғы сағат 06.30-да физикалық тексеруден өткен, оның денсаулығына байланысты ешқандай ақау болмаған. 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар