Авраам Линкольн: Тауып алған 5 доллардан маңдай термен келген 1 доллар құнды

/uploads/thumbnail/20190326151018614_small.jpg

Авраам Линкольн - әлемнің ең танымал тұлғаларының бірі. АҚШ-тағы құлдықты жоюдағы ерен еңбегінің арқасында ұлт батырына айналған тұлға. Ол әлі күнге дейін америкалықтардың ең сүйікті президенті, бірақ билік басында қатал сынға ұшыраған саясаткер. Авраам Линкольн қасақана өлтірілген алғашқы АҚШ президенті болды.

Авраам Линкольннің төрт ұлы болған. Олардың үшеуі кәмелеттік жасқа жетпей 4, 11 және 18 жасында туберкулезден қайтыс болған. Тек бір ұлы Роберт 82 жыл өмір сүріп, заң мен саясатта керемет мансап жасады.

Авраам Линкольн 1855 жылы танымал «Ұлының ұстазына хат» жазды. Бұл хатты президент бес жастағы ұлы Уильямның ұстазына жазған. Өкінішке қарай Уильям өз білімін өмірде қолдана алмады. 11 жасында қайтыс болып, әкесімен бірге жерленді. Ақ үйге экскурсияға барғандар ғимаратта әлі күнге президент Авраам Линкольн мен ұлы Уильямның елесі аралап жүретінін айтады.

Авраам Линкольнның ұлының мұғаліміне жазған хатынан үзінді:

«...Барлық адамның турашыл және әділ емес екендігін білемін. Әр қара ниетті адамға қарсы бір қаһарман, жеке басын ойлаған саясаткерге қарсы өзін құрбан ететін көшбасшы да бар екенін үйрет. Әр дұшпанға қарсы бір достың табылатынын түсіндір! Бұған біраз уақыт керек екенін білемін, бірақ оған тауып алған 5 доллардан маңдай теріңмен келген 1 доллар құнды  екендігін үйретсеңіз екен! Жеңіле білуді де, жеңіске жеткенде қуануды да үйрет. Көре алмаушылықтан, қызғаныштан оны алыстат!...

Оған кітаптардың маңыздылығын үйрет! Бірақ оған тыныш уақыт та қалдыр, көктегі құстардың, аралардың және жап-жасыл баурайдағы гүлдердің мәңгілік сырын да ойлансын. Сабақта қате жасаудың қулық жасаудан әлдеқайта абыройлы екенін де үйрет. Өзгелер қате десе де өз пікіріне сене білуді үйрет!

Оған барлық адамды тыңдай білуіді үйрет, бірақ барлық тыңдағандарын шындықтың сүзбесінен өткізіп, тек жақсыларын алуды үйрет! Мұңлы кезде де күлімдей алуды үйрет!

Ұлыған адамдар тобында құлағын бітей алуды үйрет. Егер өз ісінің дұрыс екеніне сенсе, шындық үшін тік тұрып күресуді үйрет!

...Онымен нәзік мәміле жаса, бірақ оны құшақтама, өйткені болатты от қана тазалай алады. Сабырсыз болатындай дәрежеде батылдыққа ие болсын! Батыл болатындай дәрежеде сабырлы болсын. Оған өзіне сенуді үйрет, осылайша адамдарға деген сенімі де терең болады. Бұл айтқандарым үлкен өтініш, қолыңнан келгенше орындауға тырыс!...»

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар