6 мың xалық домбыраның үніне тік тұрып қол соқты (видео)

/uploads/thumbnail/20190328114114255_small.jpg

Мәскеуге келгендегі негізгі шаруа Димаш бауырымызға қолдау көрсетіп жанкүйер болу еді. Әлемнің түкпір-түкпірінен Димашты іздеп келіп жүрген жанкүйерлерді көріп жүрміз ғой, мына тұрған жерден жете алмағанымыз ұятты дедік. Келдік, көрдік, сүйсіндік! Далада ары-бері жүгірген орыстардың "Димаштың концертіне билет бар ма?!" деп қапылып жүргенін көрдік. Қызыл алаңды қоршаған қызыл әскер Димаштың концерті үшін қызмет қылғанын көрдік. Кремльдің аузы мұрнынан шыққан xалық қазақтың әніне қосылып тұрғанын көрдік. Қытай, ағылшын, түріктердің "Дайдидауды" тыңдап жылағанын көрдік. 6 мың xалықтың біздің домбыраның үніне тік тұрып қол соққанын көрдік. Игорь Крутой, Анита Цой бастаған дүлдүлдердің Димашқа құрмет көрсеткенін көрдік. Иманғали ағамыз бастаған ел азаматтарының Димаш үшін марқайып тұрғанын көрдік. Концерт біткен соң да 1 сағат бойы тарқамай тұрып алған xалықты көрдік. Енсесі биік xалық ұлымыздың алдында еңкейіп тұрды! Әлемге аты кеткен бармақтай баламыз үшін көзімізге жас келді..!Тәубе" дедік ішімізден.. Тіл көзіміз тасқа дедік.. Қазақтың бағына біткен қаршадай балаға Аллам өзің қорған бола көр деп дұға қылдық.

Аппақ болған баладан айналдық!
Сені туған анадан айналдық!

 Жерді жарған дауысыңнан айналдық!
Елді оятқан намысыңнан айналдық..!

Сүп-сүйкімді түріңнен айналдық!
Балдан тәтті тіліңнен айналдық!

Елге деген тілегіңнен айналдық!
Жұдырықтай жүрегіңнен айналдық!

Жасай бер қазақтың баласы!!
Жасай бер Димаш!!!

Айнұр Тұрсынбаеваның Facebook парақшасынан

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Қатысты Мақалалар