"Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы"

/uploads/thumbnail/20190328144337594_small.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына ел басқару, басшылық туралы танымал тұлғалардың афоризмдерін ұсынады.

 «Сараң бек ел билей алмайды"

Жүсіп Баласағұн

***

"Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы,

Халық жетім болмайды - басшы болса данасы"

Сырым Датұлы

***

 «Адамға билік бер, сосын оның кім екенін білесің" 

Наполеон Бонапарт

***

«Ұлт - биліктегілермен емес, қарапайым тұрғындарымен бағаланады" 

Нельсон Мандела

***

«Би түзу, билік әділ болсын"

Әлихан Бөкейхан

***

«Айналаңдағы адамдар мақтай беретін адамды, яки затты жаман деуге аузың бармайды. Себебі, көпшілікте теңдессіз күш пен билік бар" 

Мо Янь

***

«Әйелге әмірін жүргізе білген – мемлекетті де басқара алады»

Оноре де Бальзак

***

«Елді басқару үшін, алдымен көнуді үйрену керек»

Солон

***

«Мен Ресейді басқара аламын, бірақ өзімді басқара алмаймын»

І Петр

***

«Жұмысты шектен шығып, ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың,

Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсаң, досыңның сенімін жоғалтасың"

Конфуций

***

"Кеме капитаны апатқа ұшырауға қалай жол бермесе, мемлекет басында отырған кез келген басшы дәл солай соғыстан бас тартуы тиіс"

Ги Де Молассан

***

"Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы"

Білге қаған

***

"Басшы деген кім? Басшы - бұл қызмет"

Дэн Сяопин

 Жинақтап, ұсынған: Мақпал Сембай

 

Қатысты Мақалалар