Қазақстанда салынуы ықтимал атом электр станциясына (АЭС) арналған аумақ ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы мен Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Көптен бері айтылып жүрген АЭС салу бойынша нақты шешім әлі қабылданбаған - қуаты қандай болары да, нақты орны да белгісіз. Әзірге тек станция салынуы мүмкін аумақты белгіледік. Өзімізге сай келетін технологияны іріктейміз. Бұл туралы әлі талқыланады. Аумақ ретінде Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалды. Біз ең қолайлы технологияны таңдаймыз", - деді Сенаттың қулуарында энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.
Оның сөзінше, "АЭС құрылысы талқыланғанда азаматтардың пікірі міндетті түрде ескеріледі".
Еске сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер барысында Мәскеудің Нұр-Сұлтанға атом электрстанциясын салу ұсыныс тастағанын хабарлаған болатын.
"Өзара іс-қимылдың жаңа түрлеріне көшуді ұсынамыз. Ең алдымен Қазақстанда ресейлік технологиялар бойынша АЭС салу мүмкіндігін ескеремін", - деді Путин. Путин өзінің алғашқы ресми шетелдік сапарымен Ресейге келгені үшін Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, келіссөздер Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қалыптасқан дәстүрге сәйкес өткенін атап өтті.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру