Алматы метросында тегін Wi-Fi іске қосылды

/uploads/thumbnail/20190412112816112_small.jpg

Қала әкімінің нұсқауымен Алматы метрополитенінің «Жібек Жолы» станциясында тегін Wi-Fi пайда болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

— Алматы метросының тарихында алғаш рет Алматы әкімінің нұсқауы бойынша «Жібек жолы» станциясында уәде етілгендей қала қонақтары мен тұрғындар үшін тегін Wi-Fi іске қосылды. Алдағы жарты жылдықта метрополитеннің қалған 8 станциясында да осы жоба іске асатын болады, - деп жазды Ерлан Аукенов.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қатысты Мақалалар