Димаш Құдайберген қытайлық Billboard бағдарламасына сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы танымал әнші өзінің Instagram парақшасына жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ әнші қытайлықтар шығарған Бейжің қаласындағы жүргізушісіз көлікті жоғары бағалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әлі сатылымға шықпаған жаңа технологиялық көліктің түсіріліміне бардым. Мұндай көліктердің ішіндегі караоке арқылы менің әндерімді айтуға болады. Бұл көлікке мініп, компьютер арқылы нұсқау берсеңіз болды қалаған жеріңізге жеткізіп тастайды. Жаңа технологияның ғасыры туды. Бейжің, Қытай", - деп жазды Димаш.
Ұсынған: Әсел Болатқызы