Суицид жасаған 9-сынып оқушысы хат жазып қалдырған

/uploads/thumbnail/20180331110326367_small.jpg

Алматы облысында №19 орта мектептің 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасының дерегін негізге алып.

"Суицид сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ресми тіркелді, өлер алдында хат жазып қалдырған. Соған қарамастан ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тергеу шараларын қолға алды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Ұстаздарының айтуынша, жасөспірім мен басқа оқушылар арасында кикілжің болмапты. Керісінше, балалар сынып белсендісінен үлгі алып жүреді екен. Ал оқушының неге өз-өзіне қол салғаны беймәлім.

"Бала үнемі менімен сөйлесіп, ойымен бөлісіп, ұсыныстарын айтатын. Басқа балалармен ренжіскен емес. Әлеуметтік желілерде де ештеңе жазбаған. Отбасында бәрі дұрыс еді, ата-анасы балаларына жақсы қарайтын. Неге бұлай болғанын елестету қиын", - дейді Талғар ауданындағы № 19 мектептің мұғалімі Айдар Мамышев.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар