Әрбір адамның жеке альбомында ешкімге көрсеткісі келмейтін, кейде өзі көруге де ұялатын суреттері болады ғой. Ондай сәтсіз суреттер Гитлерде де болған. Ол өзінің жеке имиджіне қатысты ақпарат-деректерге аса ыждаһаттылықпен қараған, оның рұқсатынсыз жарық көрген суреттердің авторлары қатаң жазаланып отырған. Сіздерге ұсынып отырған суреттердің де көзін құртуға бұйрық берген екен. Qamshy.kz ақпарат агенттігі аталмыш фотоларды оқырман назарына ұсынады.
Соғыс аяқталған тұста Альф Робертс есімді ағылшын сарбазы қираған неміс үйлерінің бірінің ауласынан 1930 жылдары жарық көрген Deutschland Erwache басылымындағы суреттерге көзі түседі де, естелік ретінде өзімен бірге Англияға алып кетеді. Тек бірнеше жыл бұрын ғана сарбаздың әулеті осынау тарихи жәдігерлерді тарихшыларға табыстаған.
Дереккөз: FB.ru
Аударған: Дәурен Сыбанбай
Пікір қалдыру