Танымал ирландиялық спортшы Конор Макгрегор өзінің жүрісін қайталаған қазақ баласына жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Таэквондошы қазақ баласы жарыс кезінде Конордың жүрісін қайталаған еді. Аталмыш видеоны Конор Макгрегор өзінің Instagram парақшасына жариялады. Ал видеоның астына "Құдайым-ау! мына балақай миллиардтаған доллар тұратын шығар", - деп жазба қалдырды. Аталмыш видеоны 3 млн-нан астам адам көрген.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру