Полиция департаменті бос плакат ұстаған белсендіні неге қамауға алғанын түсіндірді

/uploads/thumbnail/20190508123400675_small.jpg

Бос плакатпен тұрған белсендіні қамауға алған Орал полициясы түсінік беру үшін прокуратураға жүгінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделя» сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің ойынша, белсенді "өз ойын" білдіргені үшін кінәлі. Соны дәлелдеп, квалификациялау үшін прокурордың көмегі керек.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда 22 жастағы Аслан Сағутдинов бос плакатпен тұрғаны үшін қамауға алынып, жарты сағаттан кейін қайта бостандыққа шықты. Бірақ келесі күні полицейлер оның іс-қимылдарында бейбіт митинг өткізу туралы заң бұзушылық әрекеттері бар деп қайтадан қамауға алынды.

"6-мамыр күні сағат 11.00 – де "102" оператор пультіне Абай атындағы алаңда қолында плакаты бар белгісіз ер адамның тұрғаны жайлы, қасына адамдар жиналып жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті.Оны патрульдік полиция наряды Орал қаласы ІІБ Абай полиция бөліміне жеткізді. Жеке басы мен плакатпен шығу себептері анықталғаннан кейін 22 жастағы облыс тұрғыны ІІБ ғимаратынан кетті. Бұл ретте полиция қызметкерлері Заң аясында әрекет еткен. Оның іс-әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері қаралады. Қазіргі уақытта материал прокуратураға заңдық баға беру үшін жіберілді", — делінген БҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Полиция Департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібеков айтуынша, Аслан Сағутдинов бос плакат үшін емес, өз пікірін білдіргені үшін құрықтады.

"Құқық бұзушылықты жасаудың объективті жағы олардың бос плакатты көрсету емес, "Қазақстанда демократия мен сөз бостандығының жоқтығы туралы" саяси пікірлері болып табылады, ол қоғамдық орында өз пікірін білдірді", — деді Болатбек Белдібеков.

Аударған: Адильченов Ильдар

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар