Әнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол әріптесі Ерболат Төлегенмен бірге сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтады.
ЛА-155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар эстрада жұлдыздарына алғыс айтып, өз қолдарымен жасаған кәдейсыйларын тарту етті.
"Сотталғандардың көпшілігі теледидардан көріп, әндерін тыңдап жүретін әншіні көреміз деп күтпеген еді. Оған алғысымыз шексіз", - деді ЛА-155/8 түзету мекемесінің басшысы.
Қазақстан колонияларында жыл сайын Жеңіс күні аталып өтеді. Биыл Павлодар облысында 300 жазасын өтеуші алғаш рет "Жаужүрек полк" шеруіне қатысты.
Ұсынған: Мақпал Сембай
Пікір қалдыру