Гүлжан Қарағұсова: Мен зейнеткермін, жинаған салымым теңізге тамған тамшыдай

/uploads/thumbnail/20190514162336928_small.jpg

Депутат Гүлжан Қарағұсова, Ұлттық банк Ұлттық қордағы қаржы тапшылығын шешу үшін зейнетақы қорының салымшыларының ақшасын пайдалануы мүмкін, - деген алаңдаушылығын жеткізді. Сонымен қатар ол, БЖЗҚ-ның негізгі міндеті салымшылардың ақшасын сақтап қана қоймай, оны көбейту жолдарын қарастыруы да керек екенін  атап өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бюджет кодексіне сәйкес зейнетақы қорының активтерін басқару қызметі Ұлттық қордың Басқарма кеңесіне берілген. Ұлттық банкке депутаттардың қояр сауалдары көп.

«Мен қазір зейнеткермін, жинаған салымым теңізге тамған тамшыдай. Бірақ менің балаларымның жинағаны (бар)... Біз азаматтардың жеке салымы туралы айтып отырмыз. Мемлекет тек қана сақтау үшін ғана емес, аталған жинақты көбейтуге де кепіл болады. Өйткені әрбір азамат зейнеткерлікке шыққан кезде өзінің салған ақшасын толық алуға құқылы», - деп атап өтті Қарағұсова.

Сонымен қатар ол әртүрлі қызметтердің бірлесуі қысқа мерзім ішінде міндеттерді біріктіруге әкелуі мүмкін деген алаңдаушылығын білдірді.

«Ұлттық қорда ақша жеткіліксіз бе, онда қатерді толық зерттемей-ақ зейнетақы қорларын берейік? Бізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қазірдің өзінде мәселелер жеткілікті. Мен осыдан қауіптенемін. Сонда қызметтік міндеттердің арасы қалай ажыратылмақ?», - деп қызығушылық танытты депутат.

Оған жауап ретінде Смоляков,  салымшыларға өз қаражаттарын басқаруға мүмкіндік беретін гибридті жүйені енгізу жоспары бар екенін еске салды.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар