Иә, білемін

/uploads/thumbnail/20190514163246609_small.jpg

Бұрын бұлай бақытсыз болмағанмын,

Қазір неге жүректі торлаған мұң.

Қызғаныштан сөзіңді ескермеген,

Иә, иә, білемін оңбағанмын.

...Сорлы адаммын

 

Сезімдегі дәмін білмей бақ-ырыстың,

Шырғалаңда шаршап көп шатылыстым.

Сүйіп тұрып сүймеймін деген едім,

Иә, иә, білемін нақұрыспын.

...Мен солай сорлағанмын

 

Қызық ед(і) өзіңмен кеші алаңның,

Жоғалушы ед сен десе есі адамның.

Еркелеген кезіңді елемеген,

Иә, иә, білемін есалаңмын.

...Мен кімді қорлағанмын?

 

Аш мінезін көрсетіп айуанның,

Көңілге тар дастархан жайып алдым.

Хаттарыңды оқымадым күнде жазған,

Иә, иә, білемін хайуанмын

...Қадірі жоқ қолда бардың.

 

Авторы: Бек Байтас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар