Ақмола облысы әкімінің орынбасары қаза тапқан жол апатының видеосы пайда болды (видео)

/uploads/thumbnail/20190515163012935_small.jpg

Ақмола облысы әкімінің орынбасары қаза тапқан жол апатының бейнежазбасы желіде жарық көрді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бейнежазбадан жылдамдықты асырған көліктің жол жиегінде тұрған жол жөндеуші техникаға барып соқтығысқанын анық байқауға болады. 

Естеріңізде болса, 9 мамыр күні Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолында Toyota Land Cruiser маркалы автокөлік пен жол жөндеуші техника арасындағы жол апатынан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нүркенов қаза тапқан еді. Жомарт Жұмағалиұлы Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылдың 10-сәуірінде тағайындалған болатын.  

Аударған: Дәурен Сыбанбай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар