Ауқымды спорттық шара дәстүрлі түрде өтуді уәде етті, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сенбіде Сұлтан Бейбарыс алаңына бірнеше сағат бойы шамамен 20 жекпе-жек өкілдері жиналды.Үлкен спорттық додаға айналды.
Жауынгерлік өнер фестивалінің ұйымдастырушылары - Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясы, сондай-ақ, Олимпиадалық емес спорттық жекпе-жек федерациясы.
Фестиваль аясында жауынгерлік өнер ассоциациясының құрамына кіретін шамамен 20 спорт түрінің чемпиондары : каратэ, муай тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, греплинг, самбо, таэквондо және джу-джитсудан өз өнерлерін көрсетті.
- 10 мыңнан астам адам жауынгерлік өнер фестивалінің көрермені болды. Шараның негізгі мақсаты - облыста салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, әсіресе Атырау облысында бұл үшін барлық жағдай жасалған. Осындай шаралардан кейін біздің тұрғындарымыз балаларын әртүрлі спорт секцияларына алып келеді деп үміттенеміз, - деді Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.
Іс-шара барысында келушілерге спорт залдары мен спорт секцияларының тізімі жазылған брошюралар таратылды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін барлық қажетті ақпарат фейсбук, вконтакт және @atyrausport әлеуметтік желілеріне орналастырылған, сондай-ақ, 8 (7122) 50-60-92, 87028028938 байланыс телефондарына хабарласуға болады.
Фестиваль соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік концерт отшашумен аяқталды.
Пікір қалдыру