2019 жылдың 9-маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өткен болатын. Елімізде 9968 сайлау учаскесі өз міндеттерін толық атқарды. бірақ сайлау барысында таспаға түсіп қалған заң бұзушылықтар өте көп. Солардың бірнеше топтамасы Instagram желісінде қызу талқыға түсіп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Желіде сайлау учаскесінде көптеген заңға қарама-қайшы әрекеттер орын алған. Бақылаушылар бұл жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жолдап отырған. Сондай бақылаушылардың бірі Әлия Исенова өз парақшасында бірнеше видеомен бөлісті.
«Бүгін күні бойы сайлауда бақылаушымын. Таңның атысынан түнгі сағат 00:00-ге дейін сайлау учаскелерінің бірінде боламын»,- деді ол өз бюллетенін суретке түсіріп, желіге жүктеген алғашқы жазбасында.
Сайлаудың қорытындысын шығару үшін, берілген дауыстарды санау кезінде Исенова ханымды санауға араласпауын талап еткен.
«Астана қаласының 35-сайлау учаскесінің төрағасы дауыс санаудан бас тартты. Барлық алты бақылаушы бөлменің басқа бөлігіне бармайынша, санауды бастамайтынын айтты. Жәшікті ашып, ішінде не бар екенін көрсетпеді. Менің көзімше бюллетень санаудан түбегейлі бас тартты. Мен Қосанов деп белгіленген бюллетенді Тоқаевтың қатарына қосқанын байқадым. Мен шатастырып алғанын ескерттім. Мен оларға «Сайлау» заңының 43 бабы бойынша бақылаушы бюллетень көрінетін жерде тұруға құқылы екенін түсіндірдім. Комиссия төрағасы Оспанова Баян Нұрғалиевна полиция қызметкерлерін шақыртты. Бұл жерде ережені өзінің қоятынын және бақылаушылар басқа бұрышта отыру керектігін жеткізді. Үш офицер келіп, мені бюллетень көрінетіндей жерге алып кетті. Дауыс санау тоқтатылып тұр. Мені учаскеден полиция қызметкерлері шығармайынша, дауыс санауды бастаудан бас тартатынын айтты. Полиция өызметкерлері өздерін жақсы ұстап тұр. Бір-екеуі менің оқырмандарым екен. Дауыс саналып жатқан жоқ. Мәселе мынада, ол жерде қажет болған адамнан гөрі қарсыласының дауысы өте көп болып тұр»,- дейді бақылаушы келесі жазбада.
Тағы осы секілді №35-учаскенің жұмысы жайлы жазбалар бар. Өрескел заң бұзушылықпен айналысқандар туралы видеолар өте көп. Кейбір бейнематериалды қарасаңыз "Қазақпыз ғой" деген сөз көп қолданылады. Біз қазақ халқы сонда әділдікті, әділеттілікті ұнатпаймыз ба, әлде бағынышты халықпыз ба, болмаса бүйрегіміз басшылыққа бұрып тұрады ма?
Осы секілді видеолар топтамасын Ринат Зайытовта жүктеп отырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру