Майкл Рубенс Блумберг (ағылш. Michael Bloomberg) (14 ақпан 1942, Брайтон, Бостон ауданы, Массачусетс, АҚШ) — кәсіпкер және Нью-Йорктің 108-ші мэрі. Forbes нұсқасында ол әлемдегі ең бай адамдар тізіміне кіреді. 2018 жылдың 5 мамырдағы санақ бойынша Майкл Блумберг 50,4 млрд доллар байлығымен 11-орында. Ол Bloomberg ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы әрі қожайыны.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына кәсіпкердің бірнеше ой-түйіндерін ұсынады.
*Егер мемлекеттік қызметте жұмысқа орналасуды ойластырып жүрген болсаңыз, алдымен миллионер болып алуға кеңес берер едім.
*Уақыт өткен сайын өмірде бәріне: ақша, сәттілік, атақ-даңқ, билік, халықты мойындауына қол жеткізгеннен кейін, фрустрациялық күйге түсіп, бәрін қайтадан бастағым келеді.
(Түсіндірме: Фрустрация - [лат. frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй.
*Егер сіз өзімшіл идеалист болсаңыз, ал «мен» және «маған» деген сөздер тілдік қолданысыңызда жиі пайдаланатын сөз болса, ендеше, жетістікке жете алмайтыныңызға кепілдік беремін.
*Компаниямдағы адалдықты ерекше бағалаймын. Бізбен бірге емес жанның бәрі автоматты түрде қарсыласымыз болады.
*Дамыған сайын Сіз дөп тигізу қиынға соғатын қозғалыстағы нысанаға айналасыз. Дамуды тоқтатқан бойда Сіздің көзіңізді жою оп-оңай болады.
*Адамдар – компаниямның ең керемет ресурсы.
*Қызметкерлерімнің бір де біреуінде, тіпті менің де жеке кабинетім жоқ.
*Компаниямдағы біреу-міреу бәсекелестерім жағына өтіп кетсе, ол адамның ісі өрге баспауы үшін бар күшімді саламын, қарап қалмаймын.
*Өз ісіңді дамыту кезінде әртүрлі кедергілерге жолығасың. Сөйтіп, оларды қиындық деп есептейсің. Расымен де солай. Әрқашан да шығар жолды іздеуің керек.
Пікір қалдыру