Миллиардер—кәсіпкер Майкл Блумберг: Қызметкерлерімнің бір де біреуінде, тіпті менің де жеке кабинетім жоқ

/image/2019/06/13/755441030286729.jpeg

Майкл Рубенс Блумберг (ағылш. Michael Bloomberg) (14 ақпан 1942, Брайтон, Бостон ауданы, Массачусетс, АҚШ) — кәсіпкер және Нью-Йорктің 108-ші мэрі. Forbes нұсқасында ол әлемдегі ең бай адамдар тізіміне кіреді.  2018 жылдың 5 мамырдағы санақ бойынша Майкл Блумберг 50,4 млрд доллар байлығымен 11-орында. Ол Bloomberg ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы әрі қожайыны.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына кәсіпкердің бірнеше ой-түйіндерін ұсынады.

*Егер мемлекеттік қызметте жұмысқа орналасуды ойластырып жүрген болсаңыз, алдымен миллионер болып алуға кеңес берер едім.  

*Уақыт өткен сайын өмірде бәріне: ақша, сәттілік, атақ-даңқ, билік, халықты мойындауына қол жеткізгеннен кейін, фрустрациялық күйге түсіп, бәрін қайтадан бастағым келеді.

(Түсіндірме: Фрустрация - [лат. frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй. 

*Егер сіз өзімшіл идеалист болсаңыз, ал «мен» және «маған» деген сөздер тілдік қолданысыңызда жиі пайдаланатын сөз болса, ендеше, жетістікке жете алмайтыныңызға кепілдік беремін.  

*Компаниямдағы адалдықты  ерекше бағалаймын. Бізбен бірге емес жанның бәрі автоматты түрде қарсыласымыз болады.

*Дамыған сайын Сіз дөп тигізу қиынға соғатын қозғалыстағы нысанаға айналасыз. Дамуды тоқтатқан бойда Сіздің көзіңізді жою оп-оңай болады.

*Адамдар – компаниямның ең керемет ресурсы.

*Қызметкерлерімнің бір де біреуінде, тіпті менің де жеке кабинетім жоқ.

*Компаниямдағы біреу-міреу бәсекелестерім жағына өтіп кетсе, ол адамның ісі өрге баспауы үшін бар күшімді саламын, қарап қалмаймын.

*Өз ісіңді дамыту кезінде әртүрлі кедергілерге жолығасың. Сөйтіп, оларды қиындық деп есептейсің. Расымен де солай. Әрқашан да шығар жолды іздеуің керек.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар