Владимир Путин "Мир" телеарнасына берген сұхбатына Қазақстанның жаңа президенті әрі қарай Ресеймен қарым-қатынасты дамытуға жұмыс істейтініне сенімді. Мәскеу қазақстандық-ресейлік жобалардың орындалуына мүдделі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
- Бізде ауқымды жобалар бар. Біз осы жобаланған объекттер орындалуын қалаймыз. Мен ешқандай кедергі болмайтынына сенімдімін, - деді Путин.
Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуде оқып, Ресейді жақсы білетіні туралы еске алды.
- Менде бұл адамның тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастаған жолды жалғастырады деген сенім бар. Ресеймен жақын болу үшін, әрі қарай одақтығымызды барлық бағытқа: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және ғылымда жұмыс істейміз, - деді Ресей басшысы.
Путин Қазақстан мен Ресей серіктестігінің гуманитарлы жағынан үлкен маңызы бар екенін ескерді.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру