Мұхамеджан Тазабек, ойлағандарыңыз елдің ертеңі болса, Құдайшылығын айтыңыз...

/image/2019/06/13/pogudx75j16up65on.eb84dd74.jpg

"Құрметті Мұхамеджан Тазабек, осы уақытқа дейінгі жазбаларыңызға, қоғамдағы белсенділігіңізге қарап, сізге бірнеше сұрақ жолдағым келеді.

Адамзатқа ортақ құндылықтарды бойына сіңірген адам, Құдайына сенген мұсылман ақты ақ, қараны қара деп айтады.

Бірінші сұрақ: Әділетті патша Омарлардан (р.а) үлгі алып, дін жолын насихаттаушы, ақиқатты серік еткен ақын ретінде әділетсіз өткен сайлау жайлы неліктен жақ ашпайсыз? Оның әділетті өтуіне ат салысып, дауысты ұрлап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа топырлатып бюллетеньдерді салу-күнә екенін неге ескертпейсіз?

Екінші сұрақ: Ринат Зайыт айтыскер болғандықтан бәріміз бостандық сұрадық. Осы уақытқа дейін елге танылмаса да, әділдікті іздеген, жерімді қорғаймын деп темір торға тоғытылған әр қазақ біздің бауырымыз емес пе?!
Соларға неге араша түсе алмаймыз? Бұл тірлік адам баласын алалау емес пе?

Үшінші сұрақ: Халықтың пікірін қажет етпейтін, құқығын шектейтін елде көшеге жұрт бір адамның сөзімен алаңға шығады деп ойлайсыз ба? 
Ешкімге ақысын жегізбеген, жерін жалға бергізбеген Алаш жұрты өз еркімен бас көтере алмайды ма? Әлде, айтқанға көне беретін, сұққанға бұға беретін қараша жұрт құл болғаны ма?

Төртінші сұрақ: Шынымен бүлік тууды қаламасаңыздар.Әлеуметтік желі де ғана белсенді болмай, дін мамандары, дінді насихаттаушы адамдар, кешегі билерше, Армениядағы дін өкілдеріндей халық пен биліктің арасын жақындатуға, елдің арасынан, алаңнан неге табылмайсыздар? Бейбіт шеруге рұқсат алып, өздеріңізді өсірген жұрттың жан-айқайын билікке жеткізбейсіздер ме? Әлде, жолдың жабылуы, жоспардың бұзылуы уайым ба? Әділдік деп шырылдаған өз халқыңызды, қарияңызды, ұл-қызыңызды қорғау қауіпті болса, біз сонда қандай дамыған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

Биліктің де қатесі бар шығар деп үстінен сүйкей салып, қарапайым халыққа ғана ақылшы болу жұмыстарыңызға айналып бара жатқан жоқ па?Өздеріңіздей үлкендерге бір жағынан Әблязов рахат болды.Ел шырылдап шықса, бәрін сырттағыға ерген бүлікші қыла саласыздар.Бірақ, ұмытпаңыздар! Жаңаөзенде де, жер мәселесінде де халықты алып шыққан намысы мен рухы.

Сіз де, біз де елімізді дамыған мемлекеттердің қатарынан көргіміз келеді ғой. Өркениетті елдерде адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы,  өз ойларын еркін айта білуі қауіпті жағдай емес.Ол үшін кек те қумайды екен.

Ойлағандарыңыз елдің ертеңі болса, құдайшылығын айтып, бүгінгі жүйенің, қоғамның шынайы бейнесіне тік қарап, әрдайым әділдік жағында болыңыздар!

Қайрат Нұрқанат 12.06.2019  жыл",- деп жазыпты Нұрқанат Қайрат өзінің фейсбуктегі жазбасында.

 
 
 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар