Визалық рәсімдеу жеңілдетіледі

/uploads/thumbnail/20170708151002713_small.jpeg
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен Туризм жөніндегі кеңестің кезекті отырысында визалық режим мен тіркеу рәсімдерін жеңілтету мәселесі талқыланды.

www.egov.kz электронды үкіметтік парталында шетел азаматтарын және азаматтылығы жоқ тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет ашылған. Аталған қызметті Қазақстан Республикасында тіркеу үдерістерін жеңілдету және отандық туризмді ынталандыру мақсатымен ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК және ҚР ККМ бірлесіп енгізген. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты -15 минуттан артық емес. Болашақта «іскерлік», «қызметтік», «туристік» санаттағы визалар ашып, елімізге келетін шетел азаматтарын тіркеу жүйесін жетілдіре түспек. Аталмыш шаралар отандық туризм саласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатып, оның сапасын арттыруға жол ашпақ.

Baq.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар