«Бостондағы лаңкестік актіні ұйымдастырған басты күдіктілер анықталғаннан кейін АҚШ құқық қорғау органдары оларға жақын және таныс болуы мүмкін адамдарды тексеруге кірісті. Әсіресе, құқық қорғау органдары күдіктілермен бірге оқыған және қандай да бір жағдаймен олармен қатынаста болуы мүмкін студенттерден жауап алды. Жүргізіліп отырған тексеріс аясында екі қазақстандық студенттің оқу барысында АҚШ визалық режимін бұзғандығы анықталып, осыған орай мән-жай толық анықталғанша олар ұсталып отыр», деп хабарлайды СІМ. «Қазіргі уақытта біздің консулымыз Бостон қаласына жетіп, АҚШ билік органдарымен ынтымақтасуда және ұсталған студенттер және олардың отбастарымен байланыста. Қазақстандық дипломаттар оларға адвокат тауып беру мәселесінде қолғабыс көрсетуде», - дейді бұдан әрі. «ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік департаменті және Астанадағы Елшілігімен осы мәселе бойынша байланыста. Бұл мәселе бойынша АҚШ мемлекеттік органдарымен ынтымақтастыққа ашық екенімізді қайта растап, Қазақстан лаңкестікті және оның кез келген түрлерін қатаң түрде кінәраттайтынын баса айтамыз» , дейді Сыртқы істер министрлігі. Бұдан бұрын
хабарлағанымыздай, АҚШ-тың құқық қорғау органдары Бостондағы жарылысты ұйымдастыруы мүмкін деген екі адамның бірін өлтіріп, екіншісін жаралы күйінде қолға түсірді. Ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтар Бостонда 15 сәуір күнгі марафон кезіндегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен іздестірілген еді. Бостондағы жарылыста 3 адам қаза тауып, 180 адам жараланған.
Пікір қалдыру