Дональд Трамп Флоридадағы жақтастарының алдында өзінің 2020 жылы сайлауға түсіп, екінші рет президент болып сайлануға дәмелі екенін айтты. Сондай-ақ, ол өзінің сайлау кампаниясының қашан басталатынын да жария қылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі AFP сайтына сілтеме жасап.
Жақтастарының алдында сөйлеген Трамп өзінің президенттік мерзімінде Американы аяққа тұрғызғанын айтты. Сонымен қатар, ол өзінің 2016 жылдан бергі уақытында елдегі экономиканы арттырып, әлем қызыға көз салатын мемлекетке айналдырғанын тілге тиек етті.
"Америкаға Дональд Трамп әлі төрт жылға керек. Екінші мерзімге сайлайтын уақыт жетті", - деді бейбіт шеруге келген АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс.
Пікір қалдыру