Назарбаев ескерткіш туралы: Халық қаласа, бас тартуға құқым жоқ

/image/2019/06/21/2019_06_17_nazarbaev.jpeg.jpg

Алматы қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.

Мұндай ұсыныс "Жас Отан" жастар қанатының қолдауымен, Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен халықаралық конференцияда айтылды.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміздің дамуы мен көркеюіне өлшеусіз үлес қосқаныңыз үшін Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылының бойында сіздің құрметіңізге ескерткіш қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз", - "Жас Отан" жастар қанатының басшысы Мәди Ахметов.

"Рахмет, жастардың атынан осындай ұсыныстардың түсуі қуантады. Алайда мен мұндай ескерткіштердің салынуына қарсымын. Мен алдарыңда отырмын. Ескерткіштің не қажеті бар?" - деп күле сұрақ қойған Елбасы артынша:  "Мен президент емеспін, менің қолымда тұрған ештеңе жоқ. Егер халық қаласа, менің бас тартуға құқым жоқ. Рахмет сендерге. Бақытты болыңдар!" - деп сөзін түйіндеді.

Н.Назарбаев 1989 жылы 22 маусымда Қазақстанның Орталық Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып сайланып, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жылға жуық уақыт билік басында болды. 

Аударған: Ақжібек Аралбек

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар