Алматы қаласының әскери басқару органдары Арыс қаласындағы жапа шеккендерге біркүндік жалақысын аударады

/image/2019/06/25/crop-287_0_1620x2160_55b54a2920972e9e973696061bd67f13.jpg

Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметкерлері Арыс қаласындағы жарылыстан жапа шеккен тұрғындарға материалдық көмек беруге шешім қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 


Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының 300-дей әскери және азаматтық қызметкерлері Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыстың нәтиженсінде жапа шеккендерге біркүндік жалақысын аударады.

 

 

"Арыс қаласындағы оқыс оқиға ешкімді бей-жай қалдыра алмады. Осындай қиын уақытта барлық адамдарды бірлікке шақырып, жапа шеккендерге көмек көрсету әрбір адамның азаматтық парызы деп білемін", - деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник А.Усербаев.


Барлық қаражат Түркістан облысы Арыс қаласында зардап шеккендерге жәрдем беру "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қоры арқылы жүргізіледі.


"Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері
Түркістан обласы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН) 100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) IRTYKZKA

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар