Димаш Құдайберген: Концертімнен түскен қаражаттың бір бөлігін Арыстықтарға беремін (видео)

/image/2019/06/30/crop-114_12_257x343_photo_57509.jpeg

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Нұр-Сұлтанда "Астана Арена" стадионында өткен концертте билеттер сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігін Арыста зардап шеккендерге көмектесу мақсатында құрылған қорға аударатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біздің бауырларымыз - Арыс тұрғындары қандай жағдайға тап болғанын білесіздер... Сол себепті мен концерттен түскен қаражаттың біршама бөлігін Арыста зардап шеккендерге аударуды ұйғардым", - деді әнші.  

Димаш Құдайбергеннің жеке "Арнау" атты концерті елорда күніне орай өткізілді. Бағдарламада қазақтың ұлттық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары орындалды, сондай-ақ Димаштың авторлық әндері де шырқалды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әншінің фанаттары 64 елден 10 мыңға жуық адам билет сатып алған. 

Сонымен қатар, Димаш мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге нөмір арнады. Денис Теннің қазасы Димашқа да ауыр соқты. Оны еске түсіру үшін әнші SOS d'un terrien en détresse композициясын орындады, кезінде Денис осы әннің сүйемелдеуімен сырғанаған болатын.   

"Денис екеуміз менің келесі Қазақстандағы концертімде дуэт айтамыз деп жоспарлап едік, бірақ... амал қанша... Денис талантты, өте еңбекқор болды. Ол өнер, адамгершілік туын биік ұстады", - деп пікір білдірді Димаш. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

昨日ヌル=スルタンで行われたディマシュのコンサート、デニスが人生最後のプログラムに使っていた「苦悩する地球人のSOS」からデニス自身のオリジナル曲「Cloud in the sky」に移り、デニスの映像付きの「SOS」に戻る流れが素晴らしい。前半はデニスの影を感じさせず、後半に2つの曲を共通のキーの音で違和感なく繋げてふっとデニスが現れるという演出があまりにも切なくて、現地で見たら号泣しただろうな。 На концерте Димаша а Нур-Султане, песня “S.O.S. d'un terrien en detresse”, использованная Денисом на его последней программе, меняется на песню Дениса “Cloud in the sky”, потом возвращается на “SOS” с видео Дениса, просто замечательно. На первой части мы не видим Дениса, а на второй части две песни соединяются общими тон и вдруг Денис появляется. Если бы я была там, обязательно заплакала бы... @denisten_official @kudaibergenov.dimash #denisten #денистен #димашқұдайберген #dimashkudaibergen

Публикация от Eri Suzuki (@eri_fdd)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар