КХДР мен АҚШ арасындағы келіссөз қандай өзгеріс әкелді?

/image/2019/06/30/crop-56_0_837x1333_gnddhnks9bdktnkdtarjrqtpcf17lap5osegibgv.jpeg

Бүгін қос Кореяның ортасындағы шекаралық аймақта жолғыпы, қол алысқан қос президент бір сағатқа жуық әңгіме-дүкен құрды. Нәтижесінде қандай халықаралық һәм қос ел мүддесіне жұмыс жасайтын шешімдер қабылданғаны туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі айтады. 

Қос көшбасшы сағат бойы қауқылдасса да, ортақ мәмілеге келе қоймаған сыңайлы. Бұлай деп тон пішуімізге себеп - алдағы уақытта қос тараптан да келіссөз жүргізетін арнайы топ құрылып, жоспарды солар жүзеге асыратыны. Олардың талқыға салатын таңдаулы тақырыбы - бөлініп кеткен Корея жартықұрлығындағы ынтымақтастық. 

1

"Біз әрбіріміз келіссөз жүргізетін топ құрып, атқарылатын жұмысты соларға тапсыруға келістік. Командалар бірқатар мәселелер бойынша жұмыс жасайды", - деді Трамп. 

АҚШ тарапының келіссөз жүргізетін арнайы "жасағын" қазір Солтүстік Кореядағы арнайы өкіл қызметін атқарып отырған Стивен Бигун атқармақ. 

Келіссөз қорытындысында Трамп ҚХДР тарапына салынған санкцияларды әзір қайтаруға құлықсыз екенін, бірақ уақыт өте келе қайтаруы мүмкін екенін жеткізді. Сондай-ақ, Ким Чен Ынды Вашингтонға шақырып, бұл кездесудің де жүзеге асатынын мәлімдеді. 

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы әңгіме сағатқа жуық уақытқа созылды. Кездесуге Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Иннің қатысып-қатыспағаны беймәлім. 

Дегенмен, Оңтүстік Корея көшбасшысы жартықұрлықты бөлу мәселесінде және ынтымақтастықты нығайтуға қос президенттің келіссөзі көп күш салғанын атап өтті. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар