Нұрлан Ноғаев ССС араб компаниясының президентін қабылдады

/image/2019/07/05/whatsapp-image-2019-07-02-at-19.14.56.jpeg

Consolidated Contractors Company компаниясының директоры Самед Хури, Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының еншілес құрылымы, Нұрлан Ноғаевпен кездесуге өңірге келді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге 29 маусымда Теңіз вахталық қалашығында орын алған оқиға себеп болды. Атырау облысының әкімі қазір жанжал реттелгенін, Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты.

-ТШО мен мердігер мекемелердің басшыларына қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақыларын есептеу мен басшылықта қазақстандық кадрларды көбейтуге қатысты міндеттер қойдық,-деді Нұрлан Ноғаев.

Самед Хури өз кезегінде әкімге жанжалды жедел реттеуге көмектескені үшін алғыс айтты және компания тарапынан енді мұндай жағдайларды болдырмау үшін барлық шаралар жасалатынына сендірді. ССС тарапынан әкімдік қойып отырған міндеттемелерді орындау шаралары қабылданатынын айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар