Бауыржан Байбек: Nur Otan-ның ішінде партиялық "тазарту" жұмысын жүргізу керек

/image/2019/07/05/crop--18_9_3761x5015_45426effa513b36d771d7c19d54d30e1.jpg

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия қызметкерлерінің жұмысын қайта қарау керектігін Тwitter әлеуметтік желісінде жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Партияға «Nur Otan»-ның Түркістан облыстық филиалы бірінші орынбасарының үстінен көптеген арыз-шағымдар келіп түскен.

"Соған байланысты филиал төрағасының келісімімен бұл мәселені Саяси кеңестің аймақтық Бюросында қарап, Н.Жолдасовты партия қатарынан шығаруға дейін шара қолдану керек деп есептеймін", - деп жазды.

"Халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін партиялық тәртіпті түбегейлі күшейтіп, ішкі «тазалау» жұмыстарын жүргізу қажет" - деді Бауыржан Байбек.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар