Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев журналистерден қашып жүр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде Ерболат Досаевтың журналистерге "қойыңыздар. тиіспеңіздерші маған" деп айтқан видеосы қызу талқыға түсті.
Журналистер Ұлттық банк төрағасына сұрақтар қойып жатады. Сол кезде сұрақтарға жауап бергісі келмеген Досаев "Болды. Болды. Қойыңыздар! Тиіспеңіздерші маған" деп бір топ журналистердің ортасынан қаша жөнеледі.
Пікір қалдыру