Актер, режиссер, театр педагогы, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, еліміздің халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы, "Парасат" және "Достық" ордендерінің иегері Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов Youtube желісінегі "Уақыт көрсетеді" арасына сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Уақыт тапшы заманда уақыт тауып, "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат берген Тұңғышбай мырза өзінің кино әлеміне есіктің жабық екенін айтты. Өзіне қойылған сұраққа актер:
"Жасықтық, оның арты – пасықтық. Адам болған соң өзімізге тән кемшіліктер бар. Бір мәнісі болар деген уақыт көнбейтін дүниеге қазақ үйреніп қалған. "Бастан келсе – өлдік, арттан келсе – көндік" деген де қазақтың ең сорақы мақалы. Мен түгілі үйдегі жеңгең де киноға түспейді қазір.",- деді.
Әр сөзін нақтылап отырған педагог өзін бағаламай жүргендерге ренжімейтінін айтты.
"Мен өлгенде тасымды сүймесе де , "ойбай, обал болды ғой" дейді де, ары қарай ұмытып жүре береді. Кешегі қадірімізді қашырып алмайық. Басымызға түскенде ғана солай еді, деп ойланамыз. Өкініштен туындаған сағыныштың не керегі бар.
Махамбеттің айтатыны бар:
Тірлігімде сыйласпаған ағайын,
Мен өлген соң жыласаң,
Құм құйылсын көзіңе."
Қаузалмай кеткен кейбір сұрақтарды жүргізуші қайтадан жарыққа шығарып, режиссердің мерейтойы жайлы қойылған сұраққа:
"Менің меретойым тойланған жоқ десем де болады. Қазіргі президент Қ.Тоқаев, сенатор Д.Назарбаев, Б.Сапарбаев өз телеграмдарын жіберді. Талай батырды халыққа таныстырғанымды ескеріп тойламаса, зорлап тойлата алмаймын. Басқарып отырған басшы жігіттер, көлеңкесінен қорықты.",- деп жауап берді.
Сұхбат барысында біраз нәрсе айтылды. Сөз арасында:
"Қазіргі таңдағы "авторитет" деген ұғым мүлдем басқа. Қазір ұлттың өзі, халықтың өзі "авторитет". 90-жылдардағы "авторитет" ұғымы қазір жоқ",- дейді ағамыз.
Өзінің абыройына қатысты, ел ішінде болып жатқан мәселе қатысты сұраққа:
"Мен қазір шартты түрде түрмедемін. Маған қызыл жағалы бауырларым:
"Аға, адам көп жиналған жерге бармаңызшы, тойға көп бара бермеңіз. Сізді "жақсы көретін" жандарыңыз бізге уәж айтады",- деп жалынғандай болады. Мен өнерпаз адаммын. Өнер - менің өмірім"
"Қазіргі өнерде жүрген қыздарға өте қиын. Бұрынғыдай ешкім өнерді бағалап жатқан жоқ. Ол кезде ғашық болған жігіттер, сол қызды жар қылып алатын. Қазір қыздар құрбандыққа барып жатады. Олар – түндік құрбандар. Жетістікке жеткені бар, жетпегені бар ішінде",- дейді Тұңғышбай аға.
Сақалдылар мен оранғандарға назын білдірген ел ағасы:
"Біраз адам "популизм" үшін жүр",- деп айтты.
Сұрақтарға салмақты жауап берген Тұңғышбай Жаманқұлов сәтті сұхбат болғанын жасырмады.
Пікір қалдыру