Қазақстан президентінің Өкімімен Ержан Бабақұмаров ҚР президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - деп жазылған өкімде.
Пікір қалдыру