Динагүл Тасова: Мен ар-намысымды ақшаға сатпаймын (видео)

/image/2019/07/05/crop--30_37_682x1389_081352131700.png

Астана қалалық жастар мәслихатының VII шақырылымның экс-депутаты Динагүл Тасова Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасында сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Fashion Night Astana» сән көрсетілімінде жалаңаш төсін көрсетіп, елдің сынына ұшыраған экс-депутат Динагүл Тасова өзіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Экс-депутат:

"Халық менің суретім арқылы өз ойын білдіріп қояды. "Неге қазақтың қызы бұлай жүр?, әке-шешесі не қарап жүр" деген секілді өз ойын менің суретіммен білдіреді. Шешіну деген басты проблема емес қой. Бізде басқа да проблемалар бар. Неге екенін білмеймін, елдің бәрі шешінгенге құмар. Бірақ бұл талқылайтын дүние емес. Олар барлығын "қазақтың қызы" деген ұғымға тығып қояды. Мен қазақ қызы болғаныммен мамандығым бөлек, яғни мамандығым – журналист. Одан бөлек — модель саласындамын. Мен сол арқылы бардым, ол дүниеге. Мамандығым арқылы. Өздеріңіз білесіздер, жақында Атырауда арабтармен болған жағдайда бір фотоға бола қаншама дүниені айтып тастадық. Мен алғаш көргенде суретті жай ғана бірге жұмыс жасайтын шығар деп ойладым. Мүлдем арам ойым болған жоқ. Кейін зерттеп қарасам, ол жігіт тікелей эфирге қазақ қызымен жүрмін деген секілді салған екен. Мені ол қыздармен салыстырмаңыздар. Ол қыз қайда, мен қайда. Мен өз мамандығыммен жұмыс істеп жүрмін. Модель қыз болған соң қолым бос кезде тапсырыстар болады. Тапсырыс түрлері де әртүрлі. Қазір көбісі "хайп" деп жатыр, бұл "хайп" емес. Мен өз өміріме өзім "хайп" жасамайтын адаммын. Қазір көп қыздар жағажайда, үйде шешініп жатыр. Біразы әлеуметтік желіге жүктейді. Соны көргендер "міне қазақтың қызы, ол өзі көпшілік алдында шешінді ғой" деп хайпты өз өміріне ығыстырып тастайды. Сосын біреу сұраса, бұл менің "жеке" өмірім дейді. Мен олай айта алмаймын. Мен барлығымен санасамын. Әрбір адамның пікірін тыңдаймын. Депутаттық маған бір жыл уақытқа 2018-де берілген мандат болды.

Мені депутат ретінде қарастырған бөлек әңгіме. Ал мен қазір модель ретінде әңгіме айтып жатырмын. Мен мемлекеттік қызметкер емеспін ғой. Өкінген кездерім болды. Егер маған тағы ұсыныс түссе, тағы да шығамын. Бұл менің жеп отырған наным ғой",-дейді.

Модель болып нан тауып жүрген экс-депутат қыздарға "өзін дұрыс танып, ісіме еліктемесін",- дейді.

Динагүл Тасова:

"Маған көптеген адамдар ақша ұсынады. Бірақ мен ар-намысымды ақшаға сатпаймын. Денемнің жалаңаш болғаны, жан дүниемнің де ашық екенін білдірмейді.",- деп жауап берді өзіне қатысты сұраққа.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар