Ресейдің Юрмала қаласында өтетін "Жаңа толқын-2013" атты байқауда Қазақстанның атынан Динара Адамның жаңа жобасы ADAM есімді әнші сайысқа түседі. Байқаудың Мәскеуде өткен соңғы іріктеу кезеңінде ADAM қазылар алқасын ерекше даусымен тәнті еткен болатын.
Соңғы жылдары жұлдыз болуды армандайтын жас әншілерді жарыққа шығару қолға алынуда. Болашағынан үміт күттіретін, бойында табиғи дарыны бар, өз ерекшелігі де жетерлік жастарға қолдау көрсету керек. Сондай жастардың бірі, отандық музыка өнеріне жаңашылдығымен енген әнші ADAM классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы орындаушы болуымен ерек. Продюсерлердің ADAM-ды жарыққа шығарудағы басты мақсаты – жауыр болған бірсарынды музыка мен Қазақстан шоу-бизнесіне бұрын-соңды болмаған жаңа үлгідегі жаңалық әкелу. Орындаушының басты ерекшелігі – әнді таза, шынайы орындаумен қатар драматургия мен жан тебірентер, өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне жеткізуі екен. Естеріңізде болса, «Еуразиялық Muzzone EMA- 2012» марапаттау кешінде ADAM-ның тұсауы кесілген еді. «Muzzone EMA 2012» марапаттау рәсімінің шымылдығын «Жол» деп аталатын әнімен ашты.
Бәйгеге үкілеп қосқан жас әнші шетелдік байқауда топ жарып, ел үмітін ақтайды деп сенейік!
Торғын Әбушахман
Пікір қалдыру