Атырауда инновациялық идеялар фестивалі өтті

/image/2019/07/16/crop-1_9_842x1278_034920151500.jpeg

Инновациялық идеялар фестиваліне еліміздің 7 өңірінен 500-ден астам қатысушы қатысты деп xабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш фестивалді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев ашты. Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары жастарға тың идеяларды жүзеге асыруда қашанда қолдайтындығын жеткізді.

"Өздеріңізге белгілі еліміз цифрландыруға, инновациялық экономикалық дамуға кеңінен аяқ басты. Бүгін облысымызда болып жатырған фестиваль осының дәлелі. Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп белгілеген болатын. Осыған орай облысымызда жастарға арналған көптеген жобалар, шаралар жүзеге асуда. Біз өз тарапымыздан жастардың бастамаларын қолдауға қашанда әзірміз",- дейді Әлібек Нәутиев.

Екі күнде U:hack қатысушылары топтарға бөлініп, тың идеяларды жүзеге асырды. Идеяларын әділқазылар алқасына ұсынып, қорғаулары керек. Жоба IT,контент және медиа,кино және видео,кәсіпкерлік сынды 4 секция бойынша өткізілді.

Айта кетейік, U:hack Atyrau фестивалінің жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды. Әр секция бойынша: 1 орын - 250 мың теңге, 2 орын- 150 мың теңге, 3 орынға - 100 мың теңге.

"IT" секциясы бойынша, 1-ші орын - "ТEREN OI", 2-ші орын - "City of future" және 3-ші орын - "VuRT" командалары еншіленді.

"Контент және медиа" секциясы бойынша, 1 орын - "Время to study" командасы, 2 орын - "Oilike" командасы, 3 орын -"Animo" командасы.

Кәсіпкерлік бағыты бойынша, 1 орын - "Биобатончики"командасы,2 орын - "Ориентур" командасы және 3 орын - "StudentHub" командасы.

"Кино және Видео" бағыты бойынша, 1орын - "Samigolla production" командасы, 2 орын - "Дикий West" командасы, 3 орын - "NIS" командасы еншіленді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар