Зеленский Путинге тіл қатты

/image/2019/07/18/crop-3_0_575x1020_bc35d2ed-bfcc-4253-a723-486e66cb3f01_w1023_r1_s.jpg

Президент Владимир Зеленский Украина азаматтығын алу жолын жеңілдетуді тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі президент кеңсесінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, Украина азаматтығын "дос мемлекеттерден" келген этникалық украиндықтар ала алады. Сонымен қатар, төлқұжатты өз мемлекеттерінде қысым көріп отырған азаматтардың да алуға мүмкіндігі бар.

Хабарламада украин президенті Владимир Путин туралы да айтуды ұмытпады. Оның Донбасс тұрғындарына Ресей төлқұжаттын таратқаны "өңірдегі шиеленісті реттеу жұмысын қиындатуы мүмкін" делінген.

Естеріңізге сала кетейік, 17-шілде күні Владимир Путин Донецк және Луганск облыстарының тұрғындарына ресейлік төлқұжат алу жолын жеңілдеткені белгілі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар