Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жазықта шөп басып жүр. Бұл туралы әкім кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өз Facebook парақшасына жазба салды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Шаруа қожалықта шөп басып жүрген Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған көрінеді.
"Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында Өмірзақ Шөкеев "Өміралиев" шаруа қожалығында сабан басу жұмысына қатысты. Мұнда бидай 5 гектар жерге 25 ц / га өнімділікпен жиналды. Шілденің соңына дейін Түркістан аймағында астық жинау аяқталады. Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында туып өскен. Балалық шағынан ол қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстарға үйренген",- делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетсек, қара жұмыс жасауға бейімі бар әкім осыған дейін комбайн айдап, жұрт назарына іліккен болатын.
Пікір қалдыру