Атырауда Өзбекстан азаматтары егін басында және құрылыста заңсыз еңбек еткен

/image/2019/07/22/crop-17_20_523x929_img_1461-19-07-19-05-44.png

Атырауда Өзбекстан азаматтары егін басында және құрылыста заңсыз еңбек еткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көшін –қон қызметі анықтағандындай 15 ер азамат қала сыртындағы алып құрылыстардың бірінде заңсыз жұмыс жасаған. Құрылысшылар 3 қатарлы жатақхана салып жатқан көрінеді. Олардың барлығына ҚР ӘҚбтК 517 бабы 5 б. хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Сонымен қатар, шет елдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан Атырау тұрғынына қатысты әкімшілік шара қолданылып, 126 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Өзбек азаматтар егіс алқаптарында да жұмыс жасаған. Атырау селолық округіндегі шаруа қожалықтарының бірінде 10 азамат анықталды. Олар ел аумағына кіру заңдылығын бұзғанымен қоймай, рұқсат етілмеген қызметпен айналысып, нәпақа тапқан.

Жалпы 16-19 шілде аралығында өткен «Заңсыз келуші» жедел алдын алу шарасы барысында тиісінше құжаттарын көрсете алмаған 34 шет елдік қабылдап бөлу орталығына жеткізілсе, 14 өзге ел азаматы Қазақстаннан сот үкімімен шығарылған.

Заңда шет елдіктерді қызметке тарту көрсетілгенін біле тұра, арзан еңбек күшіне қызыққан 43 Қазақстан азаматары енді қомақты айыппұл өтеуге мәжбүр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар