Әр мемлекет өз президентімен мақтанары сөзсіз. Бір елдің президенті бизнес саласын жақсы меңгерген, ал кейбірі логикаға жақсы. Бірақ барлығы да саясаткер. Әлемдегі ең денелі президент ол - Халтмаагийн Баттулга (Моңғолия президенті) деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл мәлеметті анықтап, Youtube желісіне жүктеген interesTube арнасы.
Президент болу оңай емес. Олардың өзіне қарауға да шамасы жоқ. Тоқтаусыз кездесулер. Бірақ өзіне күтім жасайтын Халтмаагийн Баттулга самбодан чемпион болған. Қазіргі таңда ол 56-жаста. Оның денесі жас жігіттердікімен бірдей-ақ. Жұмысқа көлікпен барудан бас тартып, жаяу барады.
Оның қарапайымдылығы өте керемет. Ол қарапайым халық жаттығатын залда жаттығады. Моңғолиядағы өте бай адамдардың қатарына кірген президент саясатқа келмей тұрып жағдайын жасаған.
56-жастағы денелі президентті халқы қатты жақсы көреді.
Пікір қалдыру