Атырау тағы жаңа автобустармен толықты

/image/2019/07/22/crop-17_16_620x929_071259244700.jpg

Атырау тағы жаңа автобустармен толықты. Атырауда 30 жаңа жайлы қоғамдық көліктер қала ішінде қатынауда. “14” және “7” бағыттары бойынша жаңа қоғамдық көліктер жолға шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Жаңадан құрылған “Akzhayk Avtopark” автопаркі алғашқы қоғамдық көлікпен толықты. “Анкай” маркалы 30 жаңа жайлы автобус Атыраудың қалалық желілеріне шықты. 1 шілдеден бастап олар “14” және “7” бағыттары бойынша жүре бастады.

– 18 автобус “14” бағыты бойынша,ал 6 автобус “7” бағыт бойынша толықты. Тағы алты автобус резервте тұр. Жақын арада оларды “50” бағыты бойынша шығаруды жоспарлап отырмыз,- дейді “Akzhayk Avtopark” ЖШС директоры Қуантай Қалман.
Айта кетейік, “14” және “7” бағытынан босатылған автобустар “22”, “65” және “1” бағыттарына жіберілді.

Еске сала кетейік, “Анкай” маркалы жаңа автобустарды ТШО компаниясы сатып алып, “Атырау”ӘКК балансына берген болатын. Қазіргі таңда “Akzhayk Avtopark”ЖШС 30 жаңа автобуспен қызмет көрсетумен айналысады.

а

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар